Соғысты тойлау – ӨТЕ АУЫР КҮНӘ

26.09.2020 22:01

Дүни­е­де өзің­мен көр­ші тұрған ел сенің қолы­ң­да бары­ң­ды, жер-суы­ң­ды, қазы­на-бай­лы­ғы­ң­ды өзінің әкесі­нен қалған қыру­ар бай­лы­ғын­дай ием­деніп алға­ны­мен қой­май, өзіңнің белің­нен шыққан ұрпағы­ң­ды да – ненің оң, ненің – теріс екеніне ой жүгірт­пей­тін және сол басқын­шы ел қан­дай арам­за­лық үгіт, уағыз айт­са, соның бәріне сенетін, өзінің тілі­нен гөрі, сол қожай­ы­ны­ның тілін­де тәуір­леу сөй­лей­тін, сол не айт­са, соны қай­та­лай­тын мәң­гүрт­ке айнал­ды­рға­ны қасірет екен.

Об этом сообщает Руспрес

Осы­дан біраз жыл бұрын ҚазҰУ бітір­ген бір жиенім маған: «Сен ұлт­шыл­сың! Ұлт­шыл бола­мын деп, Гит­лер, Напо­ле­он, Шыңғыс хан не бол­ды? Сен ұлт­шыл­ды­ғы­ң­ды қой­ма­саң, соларға ұқсап құрып кетесің!» деп жер-жебірі­ме жет­ті. Ойнап айтып тұр ма деп, бетіне қара­сам, ондай­дың ізі де жоқ. Керісін­ше, мені Гит­лер, Напо­ле­он, әлде Шыңғыс хан болып кететін­дей, маған үлкен бір аяны­шпен қарай­ды. Күл­кім кел­генін бай­қат­пай­ын деп, тілім­ді қат­ты тістеп едім, бола­тын емес.

Осын­дай­да бір ойшыл­дың сөзі ойы­ма ора­ла кет­ті. «Өзінің құл екенін білетін, бірақ сол құл­ды­қтан құты­луға әре­кет жаса­май, ішкен-жегеніне мәз құл – нағыз құл. Ал өзінің құл екенін білетін және сол құл­ды­қтан құты­луға қол­дан кел­ген­ше қаре­кет жасай­тын құл­ды – құл деу­ге бол­май­ды. Ол нағыз адам деп­ті». Сол ойшыл осы сөзін менің әлгі жиені­ме емес, осы күн­гі қазақ ата­улы­ның көбіне арнаған­дай көрі­неді де тұра­ды. Және сол қаза­ғы­ңыз, Құдай кешір­сін, үш ғасыр­дай пат­ша­лық та, Кеңе­стік те, Ресей де улап тастаған құл­дық санам­нан ары­лай­ын деген ой басы­на кіріп-шық­пай­тын сияқты.

Сөй­те тұра, сол қазе­кең дінін де, тілін де, салт-дәстүрі мен ұлт­тық тәр­би­есін де сақтап оты­рған көр­шілес ұлт­тар­дан өзін озық санай­ты­нын қай­тер­сің?! Әсіре­се Ресей­дің әлі де жүр­гізіп келе жатқан импе­ри­я­шыл сая­са­ты­ның дем беруі­мен «Жеңіс күні» деп ата­ла­тын (9 мамыр­дағы) мей­рам-сымағын көр­шілес елдер Қаза­қстанға ұқсап, мем­ле­кет­тік дең­гей­де той­ла­май­ты­нын, соғы­ста шаһид болған әке­лері мен ата­ла­ры­на күңіреніп оты­рып, тек дұға бағы­штай­ты­нын айтып, мақа­ла жазға­ным үшін, кей­бір қазақ әле­умет­тік желі­де (әсіре­се «Абай kz»-те) мені түтіп жей жаз­да­ды. Бір жақ­сы жері сол – бай­ғұстар шын аты-жөнін айтуға да баты­лы жет­пей­ді. Қашан­да орыс не істе­се, соны істеп, орыс не айт­са, соны қай­та­лау қаны­на сің­ген қаза­қтар сол «Жеңіс күні! деген­ді Геор­гий лен­та­сын омы­ра­уы­на да, астын­дағы неси­е­ге алған төрт доңға­лақты көлі­гіне де желбіретіп тағып, дүріл­детіп той­лай­ды. Ал қаза­қ­пен бауыр­лас, дін­дес ұлт­тар­ды былай қой­ған­да, латыш, лит­ва, эстон, мол­да­ван­дар бұл күн­ді мей­рам­да­мақ түгілі, жоқтау айтып, күңірене еске ала­ды.

Иә, біз­бен бауыр­лас көр­ші ұлт­тар біздің әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мыз ол соғы­сқа өз еркі­мен, құл­шы­нып барған жоқ, олар­ды еріксіз, қой­ша қап­та­тып, қан­ды қырғын­ның орта­сы­на апа­рып сал­ды дей­ді. Шынын­да да, КСРО құра­мын­дағы сол кез­де­гі рес­пуб­ли­ка­лар­дың ешқай­сысы да Ресей­ге өз еркі­мен қосы­лған жоқ. Олар­дың әрқай­сысы пат­ша­лық және Кеңе­стік Ресей күшпен басып алғанға шей­ін өз алды­на ел болып оты­рған еді.

Сон­ды­қтан да әр рес­пуб­ли­ка аза­ма­ты­ның бір ғана өз Ота­ны бол­ды. Ортақ Отан деген сөз ешқан­дай ұғы­мға да, қисы­нға да сый­май­ды дей­ді сол көр­шілес рес­пуб­ли­ка­ның көзі ашық тұлға­ла­ры. Мәс­кеу «Ұлы Отан соғы­сы» (олар 1812 жылғы Напо­леон­мен соғы­сты да Отан соғы­сы деп атай­ды) деп ат қой­ған соғы­сқа шей­ін, қаза­қтың Ресей­ден көр­ме­ген қор­лы­ғы жоқ. Оның бәрін тіз­сең, осы басқын­шы елдің жауы­зды­ғы­нан тұла бой­ың түр­ші­геді. «Аға ұлт­тың» «чур­ка», «баран», «зверь», «дикарь», «кал­бит», тағы басқа да кем­сіт­кен сөз­дерін, қор­лық-зор­лы­қта­рын айт­паған­да, Кеңес үкі­меті енді орнап жатқан кездің өзін­де-ақ, біре­се ақтар, біре­се қызыл­дар қазақ ауыл­да­рын кезек­пен шауып, кезек­пен қырып, ерке­гін қор­лап, қызда­рын зор­лаға­нын, қаза­қтың ауқат­ты, дәу­лет­тілерін жер ауда­рып, түр­ме­ге қамау­ла­рын, жалғыз күн­көріс көзі – малын тар­тып алып, халық жауы деп ату-асу, қай­та-қай­та әдейі ашар­шы­лы­қтар ұйым­да­сты­ру­ла­рын айт­саң да, осы күн­гі көп қаза­қтың ұлт­тық намысын ояту мүм­кін еме­стей көрі­неді. Сосын әлгі ойшыл­дың нағыз құл тура­лы айтқа­ны тағы да есіңе түседі.

Оры­сқа тілі де, діні де біз­ден жақы­ны­рақ поляк пен укра­ин «Ресей­дің басқын­шы окку­пант әскер­лері» десе, қаза­қтар «айбын­ды Совет әскер­лері» дей­тін еді. Дей тұр­са да, әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мыз бұл қырғы­нға өз еркі­мен бар­ды деген өтірік сөз. Біз оқы­ған талай ерлік­тер­дің өтірік, ойдан шыға­ры­лға­ны ашы­лып жатқа­лы да біраз бол­ды. Мыса­лы, 74 жыл бойы «28 пан­фи­лов­шы­лар­дың ерлі­гі» деп, жас ұрпағы­мы­здың миын улап кел­ген «ерлік­тің» қып-қызыл өтірік екенін сол ертек­ті ойлап тапқан жур­на­лист Алек­сандр Кри­виц­кий­дің өзі ресми түр­де мәлім­де­се де, бүгін­гі көп қазақ баяғы қисай­ған басын бері бұрғы­сы кел­мей­ді.

Сол соғыс кезін­де өтірік­ті судай сапы­ра­тын ең өтірік­ші «Крас­ная Звез­да» деген газет бол­ды. Сол газет­тің әде­би хат­шы­сы болған А. Кри­виц­кий кей­ін 1942 жыл­дың 22 шіл­десі күні 28 пан­фи­лов­шы сар­баз Дубо­се­ко­во разъ­езі түбін­де немістің көп тан­кісі мен қыру­ар сар­ба­зы­на қар­сы ерлік көр­сет­ті деген ерте­гі сияқты мақа­ла­ны өзі ойдан шыға­рып жазға­нын бас­пасөз бетін­де мәлім­деді. Ол сол мақа­ла­сын­да ол кез­де жұрт­шы­лы­қты да, шай­қа­сып жатқан сар­ба­з­дар­ды да рух­тан­ды­ру үшін мұн­дай өтірік ерлік­тер тура­лы өтірік мақа­ла­лар күн сай­ын жари­я­ла­нып тұрға­нын да айтып өтті.

Ол ол ма, кей­ін КСРО әске­ри про­ку­ра­ту­ра­сы 1948 жылы сол шай­қасқа қаты­сып­ты деген Иван Доб­ро­ба­бин деген­нің ісін тек­се­ру кезін­де бұл ойдан шыға­ры­лған өтірік екені дәлел­ден­гені КСРО-ның орта­лық газет­терін­де жари­я­лан­ды. «Ұлы Отан соғы­сы» деген тір­кест­ің арғы жағын­да «СССР» дегені­міз – оры­стың Ота­ны, яғни бұл – «Ресей» деген ызғар­лы мең­зеу жатқа­нын мына­дан-ақ аңға­руға бола­ды: сол Кри­виц­кий­дің өзінің сол жалған­ды­ққа құры­лған мақа­ла­сын­да сая­си жетек­ші (полит­рук) орыс Клоч­ков «Рос­сия кең-бай­тақ, бірақ шегі­нер­ге жер жоқ, арты­мы­зда Москва!» деп ұран тастай­ды. Бұл сөздің аржағын­да орыс ұлт­шыл­ды­ғы­ның, орыс шови­низ­мінің исі мүңкіп тұрға­нын «Жеңіс күні» деп айтаққа ілесіп тұра шаба­тын қаза­қтар­дан басқа ұлт­тар баяғы­да-ақ түсін­ген. Әйт­пе­се өзінің бұл мақа­ла­сы ойдан шыға­ры­лған өтірік екенін мәлім­деп оты­рған жур­на­лист А.Кривицкий неге сол Клоч­ко­втың аузы­на тек Ресей және Москва деген сөз­дер­ді ғана салған? Соғыс аяқталған соң да Мәс­ке­уде­гі алтын жаға­лы оры­стар жеңісті «обмы­вать» етіп, арақ ішіп жатқан­да, неге тек «За вели­кий рус­ский народ!», «За рус­ское ору­жие!» деп, ста­кан­да­рын көк­ке көтеріп, шуыл­да­ды дей­сіз? Бәрі­міз бірі­гіп жеңдік, әзір­бай­жан, қазақ, өзбек, татар, қырғыз, башқұрт, түр­кі­мен, тәжік, авар, қара­шай доста­ры­мыз бол­ма­са, жеңе алмас едік деген бір ауыз сөз сол 73 жыл­дан бері бір айтыл­май­ты­ны несі? Бүгін­де өздерін көп оқы­ған деп санай­тын қаза­қтар осы­ны қалай түсін­бей­ді?

Қашан­да өзге елдер­ді басып алып, өзге халы­қтар­ды қанап-тона­уды ата кәсібіне айнал­ды­рып алған Ресей қару­дың күші­мен де, тоқ­сан түр­лі амал-айла, қулық-сұм­ды­қ­пен де сол елдер­ді уысы­нан шығар­май ұстап оты­руға әбден машы­қтанған. Сол үшін Мәс­кеу жоқ жер­ден жалған той-думан­дар, мей­рам­дар ойлап таба береді. Қаза­қстан­нан басқа түр­кітіл­ді рес­пуб­ли­ка­лар да, оры­спен кін­ді­гі бір Укра­и­на да, Бал­тық бой­ын­дағы Эсто­ния, Лат­вия, Лит­ва, Мол­до­вия да сонау 1991 жылы Кеңес өкі­меті құла­сы­мен, ондай той-думан­дар­дан бас тарт­ты. Тек Қаза­қстан ғана «8 Март», «1 Май», «Рож­де­ство Хри­сто­во», «Жеңіс күні», т.т. даңғыр-дұңғыр­дан қал­май, Мәс­кеу не істе­се, соны істеп, Ресей­дің соңы­нан қал­май, шапқы­лап келеді.

Әлгін­де қаза­қты құл­ды­қтан шыққы­сы кел­мей­тін жеке пен­денің қылы­ғы­мен салы­стыр­дық. Бірақ сол құл мінезі үшін бүкіл қаза­қты күста­на­лау үлкен күнә. Ол үшін Мәс­ке­удің қол асты­нан шыққы­сы кел­мей­тін және сол құл­дық сана­ны қита­бан қалың қаза­қтың сана­сы­на сіңіріп, той-той­лап оты­ра­тын билік басын­дағы қаза­қтар кінәлі.

Иә, «Кеңес Одағы» дегені­міз – Ресей импе­ри­я­сы еді. Сол импе­ри­я­ны сақтап қалу үшін, ғасыр­лар бойы, жыл­дар бойы өздері қор­лап-зор­лап, қол­дан ашар­шы­лық, ату-асу­лар ұйым­да­сты­рып, қырып-жой­ып кел­ген қаза­қтың ұлда­рын «Отан үшін», «Москва үшін», «Ста­лин үшін» деп, алдап-арбап та, күшпен зор­лап та апа­рып салған қан­ды қырғын­ды «Жеңіс күні» деп той­лау – ұлт­тық сана­сызды­қтың үлкен бір бел­гісі. Пре­зи­дент пе, басқа иде­яқұ­мар біреу ме – әйте­уір «Алғыс айту» күні деген­ді ойлап тап­ты.

Қаси­ет­ті ислам дінін­де қан­тө­гіс соғы­сты той­лау – өте ауыр күнә. Сон­ды­қтан «Жеңіс күні» деп қызы­ла­ла Геор­гий тас­па­сын тағып алып, той-той­ла­удың орны­на, бұл күн­ді еріксіз барып ажал құшқан әке­лері­міз бен ата­ла­ры­мы­зға «Дұға бағы­штау күні» десек, әлдеқай­да дұры­стау да, әділ де болар еді.

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ,

ақын, ҚР Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі



Источник: “https://datnews.info/соғысты-тойлау-өте-ауыр-күнә/”

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Vivamus leo ante, consectetur sit amet vulputate vel, dapibus sit amet lectus. Etiam varius dui eget lorem elementum eget mattis sapien interdum. In hac habitasse platea dictumst. Morbi sed nisi est, vitae convallis nulla. Nunc vestibulum ipsum nec libero sodales dignissim.

Newsletter

SLorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Vivamus leo ante, consectetur sit amet vulputate

Back to Top